Экономика • 03 Ақпан, 2021

«Энерджи-Тараз» компаниясы жарықшамдардың 40-тан астам үлгісін шығарады

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Энерджи-Тараз» компаниясы жарықшамдардың 40-тан астам үлгісін шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Энерджи-Тараз» компаниясы жарықшамдардың 40-тан астам үлгісін шығарады

Жарықдиодты шамдар шығаратын зауыт 2011 жылы іске қосылған. Зауытта Германия, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытайдан жабдықтар орнатылған.

Қазіргі уақытта өндіріс ошағында шамдардың 40-тан астам үлгісі шығарылады, корпустардың, жарықдиодты модульдердің, қуат көздерінің және басқа компоненттердің өзіндік өндірісі бар. Өндірістік қуаты жылына 5 000 шам және 500 жиынтықты трансформаторлық қосалқы станциялар.

Айта кету керек, өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 70-80% - ға дейін жеткізілді. Компанияда CT KZ сертификаттары және № 3353 патент № 105693 зияткерлік меншікке куәлігі бар. Шамдарда 190 лм/Вт дейін жарық шығаратын АҚШ, Германия, Оңтүстік Кореяның жетекші әлемдік өндірушілерінің жарық диодтары пайдаланылады.

"Қазақстанның үздік тауары-2015" сыйлығын алған жарықшамдар арнайы стендте және жаңбырлатқыш камерада тестіленеді, бұл тауардың сапасына сенімділік пен 5 жылға дейін кепілдік береді. Өнімдер ішкі нарықтан бөлек, жақын шет елдерде - Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда сатылады.

Жарықтандыру құрылғыларын шығарумен қатар, компания электрлік қосалқы станцияларды құрастыру және монтаждау бойынша қызметтермен кеңінен танымал, сонымен қатар электрлік жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады. "Энерджи-Тараз" компаниясының мамандары энергетикалық нысандарды қайта құру және салу бойынша 500-ден астам жобаны іске асырды. 500 шақырымнан астам әуе және кабель желілері тартылды, автожолдар бойындағы ескірген жарықтандыру жүйелері, соның ішінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жобасы шеңберінде қайта жаңартылды. Жобаларды іске асыру кезінде заманауи технологиялар мен материалдар пайдаланылды. Жұмыс уақытында және жоғары сапалы орындалады, оған ел азаматтарының көптеген оң пікірлері дәлел.

Әлеуметтік бағдарланған өндірісті құрғаны үшін компания президенттік "Парыз" сыйлығына ие болды. Өйткені, оның жүзден астам жұмысшыларының үштен бірін мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Олар үшін "Энерджи-Тараз" – үміт пен болашақ өмірге деген сенімнің өшпейтін қайнар көз.