Заң жобасын талқылауға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Вице-министр Болат Тлепов өз сөзінде заң жобасын іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктеріне тоқталып, заң жобасының негізгі мақсаты қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру екендігін хабарлады.
Талқылау барысында «Жамбыл облысының Азаматтық альянс Ассоциациясы» ЗТБ төрағасы Зайтжан Юлдашев заң жобасында объект пен субъект арасындағы айырмашылықтың сипаттамасы ескерілмегендігін және қоғамдық бақылау субъектілерінің қатарында тәуелсіз БАҚ өкілдерінің санаты болуы керек екенін атап өтті.
«Жалын» ҚБ басшысы Құрмет Керімбеков аталған заң қоғамға қажетті екенін атай келе, қоғамдық бақылау субъектісі қоғамдық бақылауды объектінің рұқсатынсыз жүзеге асыруға құқылы болу керек екенін және де қоғамдық бақылауды жүргізу қандай да бір қаражатты талап етуіне байланысты, қоғамдық бақылау субъектілері үшін гранттық қолдау түрінде материалдық қамтамасыз ету мәселесін ескеруді ұсынды.
Заң жобасын талқылау бойынша келесі өңірлік отырысты Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының қоғам өкілдерімен өткізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғамға ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау тапсырылған болатын.