Экология • 04 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүреді

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазселденқорау» ММ облыстық филиалы мамандары 4-7 ақпан аралығында ауа райының жылынуына байланысты өңірдің таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүреді

Сол себепті тұрғындарға таулы жерлерге баруға тыйым салынған. Қар көшкінінің қаупін білдіретін белгілерден асып кетпеу керек. «Жалпы ұзындығы 105 шақырым болатын тасжолдың 16 учаскесінде қар көшкіні қаупі бар.

Атап айқанда, «Өскемен-Самар», «Өскемен-Алтай», «Согорное-Барлық», «Берел-Рахман қайнарлары», «Зубовка-Путинцево», «Лениногорск-Чекмар кеніші», дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз өкілі.