Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жәнібек Досболовтың ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шара барысында 6 автобус пен 15-тен астам шағын автобустарды тоқтатып, құжаттарын тексерді. Нәтижесінде бағыттардың қозғалыс кестесі және сызбалары жоқ екені анықталды.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған планшеттермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау баптары бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Айта кетейік, алдағы уақытта да рейдтік іс-шаралар жалғаса береді.