Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Қарағанды облысының тұрғындарынан заңсыз ауланған үш қап балық тәркіленді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық күдіктілерден заңсыз ауланған үш қап балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының тұрғындарынан заңсыз ауланған үш қап балық тәркіленді

2 ақпан күні Қарағанды облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Балқаш көлі маңында жүрген Нива автокөлігі көзге түскен. Кешкілік, күн бата қаладан қашықта жүрген бұл көлік полиция қызметкерлеріне күдік тудырғандықтан, аталған көлік тоқтатылған. Көлікте 31 жастағы жүргізуші мен 22 жастағы жолаушы болған. Екеуі де облысқа қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары болып табылады.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында көліктен үш қап жаңа ауланған балықты тәркіледі. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері келтірілген шығын көлемін анықтауда.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.