Бокс • 04 Ақпан, 2021

Головкин мен Канело тригологиясы қашан болатыны белгілі болды

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ESPN Deportes ақпарат агенттігі Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектер трилогиясының соңғы бөлігі осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

Головкин мен Канело тригологиясы қашан болатыны белгілі болды

Десе де, Головкиннің мексикалық спортшы Хайме Мунгиямен мамыр айында жоспарланған айқасында басым түсуі – міндетті шарты болып отыр. Аталған жұдырықтасудың жеңімпазы шаршы алаңда Альвареске қарсы шығу мүмкіндігін арттырады.

«Егер Головкин (Мунгиямен айқаста) жеңсе, қыркүйекте «Канеломен» үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қол жеткізеді, ал егер Хайме жеңсе, бұл болашақта «Канелоға» қарсы шыға алатын жаңа жұлдыздың жанғаны», деп жазды журналист Сальвадор Родригес.

Головкин-Мунгия арасындағы жекпе-жектің өткізілуіне боксшылардың тараптары да, DAZN стримингтік қызметі де қызығушылық танытып отыр.