Орталық ашылғалы бері тұрғындардан 66 006 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 64 578 өтінішке тиісінше жауап берілсе, 1 428 арыз-шағым қаралу үстінде.
А. Әміртаевтың сөзінше тұрғындардан келген ұсыныс пен өтініштердің 24,7% қоғамдық көлік, 10,33% жол инфрақұрылымы, 8,57% жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері, 8,05% қатты тұрмыстық қалдықтар, 4,7% денсаулық сақтау мәселелері және 4,1% көше жарығы бойынша тіркелген.
Қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында өткен жылы орталыққа қоғамдық көлікке қатысты кез-келген сұрақтар бойынша хабарласу мүмкіндігі қосылған болатын. Осы күнге дейін қоғамдық көлік қозғалысын бақылау бойынша – 6 845, «Төлем» жүйесіне қатысты – 8 923 қоңырау келіп түскен.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ортылық жұмысына оң бағасын беріп, қабылданған өтініштердің уақытылы әрі оңтайлы шешілуін тапсырды.