Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда әскери есепке тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жүріп жатыр

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2021 жылы 1500 мыңға жуық азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Шығыс Қазақстанда әскери есепке тіркеу және мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жүріп жатыр

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Еркеш Бекбаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Мамандардың айтуынша 18-27 жас аралығындағы денсаулық жағдайы бойынша жарамды және мерзімді әскери қызметке шақыруды заңды түрде кейінге қалдырмаған ер адамдар әскерге шақырылады.

2021 жылы көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыздан басталып, 31 маусымға дейін жалғасады. Медициналық куәландыру мен азаматтарды командаларға іріктеу іс-шаралары облыстық жинау пунктінде санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.

1

Бұдан басқа, 2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ШҚО аумағында 2004 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ жасы үлкен, бірақ әлі күнге дейін процедурадан өтпеген азаматтарды әскери есепке тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. 2020 жылы 6500 адам әскери есепке тіркеуге алынды. Жастарды тіркеу кезінде денсаулық жағдайы мен әскери қызметке жарамдылығы, жалпы білім деңгейі мен мамандығы тексеріледі. Сондай-ақ, дене даярлығының деңгейі анықталады.