Кездесу барысында тараптар өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары және Қазақстандағы саяси реформалардың барысын, екіжақты саяси және экономикалық байланыстарды тереңдетудің келешегін, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өту шеңберіндегі бірлескен іс-шараларды талқылады. Сонымен қатар, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Парламентшілерді екіжақты ынтымақтастық жобаларына неғұрлым белсенді тартуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты сұхбаттасушылар Covid-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде Қазақстан мен Эстония арасындағы парламентаралық байланысты кеңейту қажеттігін атап өтті.