Елорда • 05 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда нөсер кәрізі желісіне рұқсатсыз қосылған нысан анықталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы ауданындағы нөсер кәрізінің желісіне елордалық кафелердің бірі рұқсатсыз қосылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда нөсер кәрізі желісіне рұқсатсыз қосылған нысан анықталды

"2021 жылдың 3 ақпанында "Elorda Eco System" ШЖҚ МКК нөсер кәріздері желілерін есепке алу және бақылау бөлімінің мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Еділ көшесі №26/6 мекенжайындағы нөсер кәрізі желісіне “Восточная кухня” кафесінің рұқсатсыз қосылғанын анықтады", делінген кәсіпорын хабарламасында.

Айта кету керек, нөсер кәрізі желісіне заңсыз қосылу мен төгінділер экологияға үлкен зиян келтіреді. Себебі нөсер кәріз желісіне құйылып, қосымша күш түсіреді. Бұл өз кезегінде нөсер суының магистральдық желілерге құйыла алмауына алып келеді. Сол сияқты Есіл, Сарыбұлақ, Ақбұлақ су айдындары мен өзендеріне айтарлықтай зиян келеді. Нөсерлі кәріз желілері тек нөсерлі суларды қабылдауға арналған.