Ауа райы • 05 Ақпан, 2021

Еліміздің 6 облысында күн суытады

1105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-8 ақпан аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің 6 облысында күн суытады

Автомобиль жолдары комитетінің «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында  жауын, қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.