Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Заңсыз қоқыс шығарған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ экологиялық жағдайды сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Экология департаменті, Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі, "Астана Эко полигоны" ЖШС және "Клин сити" ЖШС бірлесіп, құрылыс нысандарына қағидаларды сақтау және экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жайлы міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіп келеді.

Заңсыз қоқыс шығарған құрылыс компанияларына айыппұл салынды

2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының «абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін...» әкімшілік жауапкершілікке 59 шағын және орта бизнес субъектісіне, 10 құрылыс ұйымына («Азия Строй Групп» ЖШС, «Kaz Building Company» ЖШС, «Zhakim Invest» ЖШС) 230 мың теңге сомасында айыппұл салды. Сол сияқты белгіленбеген жерге қоқыс төккені үшін 5 жүк көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 844 шағын және орта бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 463 құрылыс ұйымдарына 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал белгіленбеген жерге қоқыс төккені үшін 242 жүк көлігі жүргізушісіне 11 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
 
Рұқсат етілмеген жерлерге құрылыс қоқыстарын төгудің алдын алу және қатаң шаралар қабылдау мақсатында рейдтік жұмыстар жалғасатын болады. Ал қасақана бұзушыларға құрылыс жүргізуі үшін берілген лицензиясынан айыруға, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатын болады.