Сотты болған азаматтарды қайта қылмыс жасауға жол бермеу мақсатында арнайы топ құрылып, 10 мыңға жуық адамды «тәуекел» санатына алған.
- Азаматтардың конститутциялық құқықтарын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Яғни, кезекші прокурорлар қызметтік кабинеттерге заңсыз жеткізілген 12 адамды және уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылған 11 азаматты босатты. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімімен жұмыс істеу үшін барлық аудандарға оптикалық желілер тартылды. Техникалық жағынан толық қамтамасыз етілді. Бүгінде жаңа Заң аясында прокурорлармен барлығы 395 процессуалдық шешім бекітіліп, 24 шешімнен бас тартылды, - деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әбілдаев.
Бұған қоса, өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен жол-көлік қылмысы 13 пайызға азайған.