Атап айтсақ, жолшылар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне реконструкция жүргізбек. Бұдан бөлек, «Алматы - Ташкент - Термез» тас жолында үш жаяу жүргіншілер өткелі тұрғызылып, «Шымкенттің солтүстік айналма жолының» 2231 + 674 км және «РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қызылорда арқылы» жолының 2135- 2183 км учаскесін орташа жөндеуден өткізу көзделген.
Сонымен қатар, өңірде облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жаңарту жоспарланып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарымен келесідей автомобиль жолдары қамтылады: Шардара ауданындағы «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32 республикалық жолының» 70-111 км және «Облыс шекарасы-Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Р-31 республикалық жолы» 279-312,1 км. Сондай-ақ, 2021 жылы «КХ-15-Елшібек батыр» 0-3 км, «КХ-15-Қарақұм» 0-1 км, «М-32-Қызылжар 0-6 км, «КХ-63-Ықыластемір» 0-4,5 км, «М-32-Шұбарсу» 0-6,6 км, «Шұбарсу-Шұбарсу-2» 0-5,6 км, «Қараспан-Жұлдыз» 0-1,6 км жол учаскелерінде орташа жөндеу жүргізілетін болады.
Айта кетейік, өңірдегі автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 6 692 шақырымды құрайды. Оның 740 км – республикалық және 5952 км – жергілікті маңызы бар жолдар.