Аймақтар • 06 Ақпан, 2021

Ақмола облысында бірқатар республикалық жолда қозғалысқа тыйым салынды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Ақмола облысында бірқатар республикалық жолда қозғалысқа тыйым салынды

Ведомствоның мәліметі бойынша, 6 ақпан, сағат 19:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран) республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Атап айтқанда:

  «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті - Нұр-Сұлтан қаласы);

 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Сурган кенті);

  «Жезқазған Петропавл» автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары шекарасы); 

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).