Аймақтар • 06 Ақпан, 2021

Елордада 24 жастағы алаяқ тұрғындардың есепшотынан ақша шешіп алған

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындарының есепшотынан ақша шешіп алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада 24 жастағы алаяқ тұрғындардың есепшотынан ақша шешіп алған

Елорданың 4 тұрғыны полицияға банк картасынан ақша ұрланғандығын айтып шағымданған. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Зардап шегушілер 2020 жылы банкке несие алуға барған. Әртүрлі себеппен оларға несие берілмеген. Олар бұл мәселені интернет арқылы шешпек болып, алаяққа тап болады. Сайттарда оларға жеке мәліметтері туралы анкета толтыру және ЖСН, банк картасы номері мен CVV-кодын көрсету ұсынылған.

Сауалдама толтырған зардап шегушілер ол сайттың несие беруге еш қатысы жоқ екенін білмеген. Жеке тұлға туралы мәліметтер қолына түскен алаяқ банк картасынан интернет арқылы ақша шешіп алған. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, бұрын осындай қылмыс жасаған 24 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұсталды.

Полиция департаменті жеке бас мәліметтерін ешкімге беруге болмайтыны туралы айтты. Банк қызметтері ешқашан банк картасының нөмірі мен паролін сұрамайтынын есте ұстаңыздар. Осындай жағдай орын алғанда алдымен банкке хабарласып, картаны блоктау керек. Одан кейін дереу полицияға хабарласу қажет.