«Жалпы алғанда, 104 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаңтар айында облыс соттары 366 тұрғынға қатысты әкімшілік қамауға алу түрінде жазалау шарасын қолданды, 3365 азаматқа ескерту жасалды», - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Бүгінгі таңда құқықбұзушылықтардың негізгі саны жол қозғалысы ережелерін бұзу болып отыр - 7423 факт, яғни 65 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға кез келген құқықбұзушылыққа төзбеуге және қырағы болуға шақырады.
«Күдікті тұлғаларға назар аударыңыз, егер олардың әрекеттері алаңдатса, бірден «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Біз барлық жерде тәртіпті дамытуымыз керек», - деп атап өтті полковник Жасқайрат Қайыров.