Технология • 07 Ақпан, 2021

Инновациялық грант: 12 ақпанға дейін өтініш жіберіп үлгеріңіз

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап инновациялық грант конкурсына өтініштер қабылдау басталды. Биылдың жаңалығы сол сайысқа тек ірі компаниялар ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдері де қатыса алады. Сондай-ақ грант бұрын жобаны коммерциялық іске қосу шығындарының 50 пайызын ғана жапса, биыл бұл көрсеткіш 90 пайызға жетпек.

Инновациялық грант: 12 ақпанға дейін өтініш жіберіп үлгеріңіз

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин министр ретінде жастар жобаларының қолдау табуына көмектескім келеді дейді.

Көптеген адамдарға менің өзім стартапер болғаным туралы белгілі. Әрине, мен стартаптарға қаншалықты қолдау қажет екенін білемін. Өз жобаларымды дамыта бастаған кезде, бізде венчурлық нарық мүлдем дамымаған еді. Қазір көптеген стартаптар ақшалай қолдау көрсете алатын серіктес табуға тырысуда, бірақ бізде періште инвестициясының не екенін түсінетіндер аз. Қазір министр лауазымы тарапында осы бағытқа ықпал ете аламын және шетелге шыға алатын керемет жобаны жасай алатындардың дамуына көмектесе аламын. Біздің министрлік бұл бағытты іске асыруда, – деді министр Фейсбуктегі жазбасында.

Биылдан бастап гранттарды бөлу бойынша барлық ескі ережелер мен қатысушыларға арналған ережелерді қайта қарастырылған.

Егер бұрын грантты ірі компаниялар жеңіп алса, бүгінде ереже бойынша бізде инновациялық технология мен коммерциялық әлеуеті бар өнімді жасайтын ШОБ компанияларының қатысуына рұқсат етіледі. Ал егер бұрын грант тек 50 пайызды ғана жаба алатын болса, қазір жобаны коммерциялық іске қосу шығыстарының 90 пайызын жаба алады, егер сомамен айтсақ, бір грант 150 млн теңгеге дейін ала алады, – деді Мусин.

Министрдің айтуынша, бұл бірінші кезең. Екінші кезең – теледидар немесе Youtube-шоу форматында ауқымды көлемде ұйымдастырылуы мүмкін.

Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та алдағы бес жылда цифрлы технология мен жасанды интеллекті дамыту үшін 1 млрд доллардан астам қаржы тарту керектігін айтты.