23 Желтоқсан, 2013

Сирияда содырлардың шабуылынан 33 адам қаза болды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - SiriyaСирияда шииттердің Умм-Амед аулында миналанған автокөлікке мінген жанкешті лаңкес мектеп ғимараттары кешеніне соғылған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

САНА агенттігінің ақпары бойынша, жарылыс салдарынан 20 адам қаза болған, оның көбісі балалар.

Сирияның солтүстігіндегі Дераа провинциясында орналасқан шіркеуге оқ жаудырылды. Ол кезде сегіз адам қаза болған. Оның үшеуі балалар. Тағы төрт адам әкімшілік ғимаратында орын алған жарылыстан қаза тапты.

Сирия әскерінің Дамаск маңайында жүргізіп жатқан ұрыс қимылдары барысында бірқатар қарулы топтың көзі жойылды. Олар Дума, Хараста, Джубар мен Дарайя елді мекендерінде террористерге қарсы іс-шараларын жалғастыруда.

САНА агенттігі сондай-ақ Алепподағы ірі медицина орталығына шабуыл жасалғанын хабарлады. Оны қорғауға атсалысқан жүзге жуық сарбаздың үш мың содырға қарсы тұруларына тура келді. Орталықты шабуылмен ала алмаған содырлар екі миналанған автокөлікті іске қосқан. Күшті жарылыстардың нәтижесінде аурухана қирап қалды. Әскерилер арасында қаза болғандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com                    

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22