Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Шығыс Қазақстанда ет консервілерін өндіретін зауыт салынады

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында ет консервілерін өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда ет консервілерін өндіретін зауыт салынады

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Айыртау ауылдық округіндегі «Режебалиев» шаруа қожалығындағы сүт-тауар фермасында сауын табынын ұлғайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Шаруашылық өнімділігі жоғары, асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр.

«Ауданда қазірдің өзінде Өскемен құс фабрикасының үш объектісі салынуда. Ет және ет өнімдерін өндіру бойынша үлкен кластер құру жоспарланған. Герасимовка ауыл шаруашылығы базасында 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының, сондай-ақ ет консервілерін өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 700 млн теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, Ресей Федерациясынан жабдықтарды жеткізушілермен шарт жасалды», делінген хабарламада.

Осы жылдың сәуір-мамыр айларында ішкі құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Жалпы кәсіпорын күніне 25 тоннаға дейін ет, 8 мың данаға дейін консерві шығаруды жоспарлап отыр. Олар өнімдерді Ресей мен Қытай елдеріне экспорттайды.