Туризм • 08 Ақпан, 2021

Демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың қорытындысы бойынша Instagram желісінде ең көп белгіленген демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды

Үздіктер тізімінде Алматы қаласының басты мақтаныштарының бірі − Көк-Төбе саябағы көш бастап тұр. Оңтүстік астананың ең биік нүктесіне барушылар саны Instagram желісінің мәліметі бойынша 54 232-ге жеткен.

Екінші орында елордадағы Astana Opera мемлекеттік опера және балет театры − 53 105 рет белгіленген. Қола жүлде Нұр-Сұлтан қаласындағы жағалау саябағына (50 024) бұйырды.

Төменде 4-10 орын алған Қазақстанның көрнекі орындары әрі демалыс орталықтары көрсетілген.

Солардың қатарында Хан Шатыр − 47 220, ҚР Ұлттық музейі − 45 107, Хазірет Сұлтан мешіті − 44 154, 28 панфиловшылар саябағы − 43 700, Нұр-Әлем − 42 811, Бәйтерек − 41 945, Атакент − 40 363-і бар.

 

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30