АҚШ өз азаматтарын Оңтүстік Суданның Бор қаласынан қауіпсіз аймаққа көшірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Джен Псакидің айтуы бойынша, олар Оңтүстік Суданнан 380 азаматын, сондай-ақ өзге елдердің 300-ге жуық өкілін қауіпсіз аймаққа көшіріп үлгерген. Бұлардың барлығы көршілес Кения, Найроби мен өзге де Африка мемлекеттеріне жеткізілді.
Бұдан бұрын АҚШ Оңтүстік Судандағы жағдайды қалпына келтіруге көмектесу үшін, бұл жерге өзінің арнайы өкілі Дональд Бутты жіберетінін мәлімдеген еді. Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Оңтүстік Судан президенті Сальваторе Киирға телефон арқылы қоңырау шалып, осы мәселе жөнінде хабардар етті. Олар этникалық бағытта өрбіген араздықты тоқтату жөнінде пікір алмасып, қақтығыс аймағынан қашуға мәжбүр болған адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com