Қазақстан • 08 Ақпан, 2021

Қорғаныс министрлігінде армияны жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды

135 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосындағы аппарат кеңесінде өткен аптада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Мемлекет басшысының қорғаныс министрін қабылдауы барысында қойылған міндеттерін іске асыру мәселелері қаралды.

Қорғаныс министрлігінде армияны жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды

Қорғаныс ведомствосындағы аппарат кеңесінде өткен аптада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Мемлекет басшысының қорғаныс министрін қабылдауы барысында қойылған міндеттерін іске асыру мәселелері қаралды.

Армияны қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен жабдықтау, сондай-ақ осы процеске отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің қатысуы талқылауға арқау болған негізгі мәселелер болды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы 2019 жылы Қорғаныс министрлігі ел әскеріне қажетті әскери өнім шығаруды ұйымдастыру жөніндегі ондаған жобаның тізбесі жолданғанын уәкілетті органға атап өтті.

Бұған қоса, 2020 жылы Қорғаныс министрлігі өнеркәсіптің ағымдағы мүмкіндіктерін талдау және әскери мамандардың ұсынымдары негізінде Қарулы Күштердің ғылыми-техникалық әлеуеті мен қажеттіліктерін ескере отырып, отандық кәсіпорындарда аса маңызды әскери өнім шығару жөніндегі 9 негізгі бағытты ұсынған болатын.

Бұл оқ-дәрілер, зымыран қару-жарағы, байланыс құралдары, радиоэлектрондық және оптикалық-электрондық жабдықтар, бронды танк пен автомобиль техникасының қосалқы бөлшектері, әскери мақсаттағы IT-саласына арналған бағдарламалық құралдар, киім-кешек пен оның жабдықтары, қару-жарақ пен әскери техниканың имитациялық макеттері, сондай-ақ негізгі техниканы, оның ішінде бронды танк, авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жөндеу. Қорғаныс ведомствосы Қазақстанда осы бағыттар бойынша әскери өнім өндіруге мүдделі.

 Әскери мамандар мен ғалымдардың пікірінше, кейбір қару-жарақ пен әскери техниканың түрлерін импортпен сатып алу орынды. Өйткені Қазақстанда осындай өнімдерді ауқымды шығару Қарулы Күштердің қажеттілігінен бірнеше есе асып түседі, сондықтан технологиясы мен сапа деңгейі жоғары, шетелдік өнімді сатып алуды жөн санайды.

Жалпы, бұл жобалар ел басшылығының қолдауына ие болып, қазіргі уақытта осы бағытта уәкілетті орган тиісті жұмыс жүргізуде.

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларына әскери мақсатта қолданылатын өнімге деген қажеттілікке тұрақты түрде талдау жүргізу, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлескен жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Бұдан басқа, оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ел басшылығы қойған тапсырмалар шеңберінде сақтау объектілерін пайдаланылмайтын әскери мүліктен босату туралы мәселе қаралды. Бұл белгіленген сақтау және пайдалану мерзімі өткен әскери техникалар, қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен басқа да мүліктер.

Лауазымды тұлғалардың баяндамалары бойынша уәкілетті органның мүмкіндіктері жеткіліксіз болғандықтан осы мүлікті одан әрі жоюға, кәдеге жаратуға немесе іске асыруға беру баяу жүргізілуде.

Қорғаныс министрі уәкілетті органның пайдаланылмайтын әскери мүлікті әскери қоймалар мен сақтау базаларынан жедел әкету мәселесін шешу, сондай-ақ қорғаныс ведомствосы оқ-дәрілердің жекелеген түрлерін өз бетінше жою құқығын алуы үшін заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселесін пысықтау міндетін қойды.

Әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге ерекше назар аударылды. Қарулы Күштерде офицерлердің жыл сайынғы «Тактик» курстық даярлығы басталды.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесіне сүйенсек, ұрыстың сәттілігі көбінесе взводтар, роталар мен батальондар командирлерінің шебер басқаруындағы бөлімшелер тактикасының сауатты, жігерлі және батыл әрекеттеріне байланысты екенін атап өтті.

Ол курстық даярлықты өткізу барысында офицерлерді тұрақты басқаруды оқытуға, мақсаттарды тиімді жеңуге, бағынысты бөлімшелерді маневрлеуге және қазіргі заманғы әскери қақтығыстар тәжірибесі бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жан-жақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұрыс жағдайына барынша жақын жағдайда тактикалық тәсілдер мен әдістерді пысықтауға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуын және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Статистика көрсеткендей, қабылданған шаралар нәтиже беруде. Мысалы, 1-7 ақпан аралығында Қарулы Күштерде коронавирус инфекциясын жұқтырған әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдардың саны өткен аптамен салыстырғанда 31%-ға азайған.