Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігі ғимаратының қабырғасы қақырап тұр

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсмикалық жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бірақ қаражат мәселесі қолбайлау, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігі ғимаратының қабырғасы қақырап тұр

Кезінде нысан апатты жағдайда деп танылған. Кейін қайта тексеріліп, шешім жоққа шығарылды. Одан кейін бірнеше рет жобалық-сметалық құжаттамасы да жасалды. Алайда жөндеуге бюджет тарапынан қаржы бөлінбеді. Ауданның бас мекемесінің қазіргі жағдайы мынау. Бір бөлігі жылудан мүлде ажыратылған. Салдарынан әкімдік қызметкерлері нысанның екінші бөлігінде, яғни аядай ғана бөлмеде жұмыс істеуге мәжбүр.  

– Ауданда 13 бөлім бар. Үш бөлімі осы жерде. 10 бөлім мәдениет үйі бар. Қалалық әкімшілікте, спорт үйлерінде отырғандықтан жолдаған болатынбыз. 186 миллионға жоба жасатып, облысқа ұсындық. Бүгінгі таңда қолдау таппай отыр, – дейді Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов.