Теннис • 08 Ақпан, 2021

Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына өтті

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталуға жақын. Бүгін кортқа шыққан қазақстадық Александр Бублик аса тартысты кездесуде жеңіске жетті деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.

Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына өтті

Бублик бірінші кезеңде словениялық Аляж Беденемен кездескен болатын. Төрт сетке созылған матчта отандасымыз 3:1 есебімен (6:4, 7:5, 5:7, 6:4) жеңісті жұлып алды.

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылған.

Айта кетелік, бүгін кортқа шыққан қазақстандық теннисшілер арасынан Михаил Кукушкин мен Ярослава Шведова жеңіліске ұшырады. Александр Бублик пен Зарина Дияс келесі айналымға өтті.