- Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне сағат 12-00-де шатырдың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында қатты желдің салдарынан Е.Бекмаханов атындағы үш қабатты ЖОББМ ғимаратының 60 шаршы метр шатыры ішінара бұзылды, - дейді ведомствода.
Оқиға орнында 1 қызметкер және 1 техника жұмыс істеді.
Сондай-ақ, 13 сағат 30 минутта Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында қатты желдің екпіні 58 шаршы метр алаңда № 3 ЖОББМ екі қабатты ғимаратының шатырын жұлып әкетті. Оқиға орнына жеке құрамнан 2 адам және 1 техника шықты.