Спорт • 08 Ақпан, 2021

Ел астанасында «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында шаңғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ел астанасында «Esil winter» шаңғы фестивалі өтеді

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтар! Сіздерді 2021 жылдың 14 ақпанында елорданың Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтетін «Esil winter» шаңғы фестиваліне қатысуға шақырамыз.

Фестивальдің басталуы таңғы 10.00-де.
Қатысушылардың алғашқы жарысы сағат 10.15-ке жоспарланған.

Қатысушылардың нөмірлерін алу және нұсқамадан өту үшін фестивальдің басталуына 20 минут қалғанда келуіңізді сұраймыз.

Қатысушылардың жынысы мен жасына байланысты 1, 2, 3 және 5 шақырымға жүгіру жоспарланған, жас топтары мен қашықтарға бөлінеді.

Тіркеу ағымдағы жылдың 13 ақпанына дейін келесі телефон бойынша жүргізіледі: 8 707 913 91 38.