Тәуелсіздік • 09 Ақпан, 2021

Тәуелсіздік тойы басталды

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі облыстық театр ғимаратында Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейтойының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Тәуелсіздік тойы басталды

Суретті түсірген Тілеубек Шаяхмет

Салтанатты шарада облыс әкімі Даниал Ахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен би­ыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жарияланғанын айтып, осы кезең ішінде Қазақстанның әлемдегі да­мыған елу елдің қатарына еніп, ха­лықаралық қауымдастықтың тең дә­режелі мүшесіне айналғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның жеткен жетістіктерін Тұң­ғыш Пре­зидент – Елбасы есімі­мен тығыз байланыстырып, алдағы ме­рейтой ең алдымен ауызбірші­лігіміздің мерекесі екенін айрықша сөз етті. Себебі қоғамда орныққан тұрақтылық, өз­ара келісім мен ортақ мүдде жо­лындағы жасампаз еңбек қар­қынды дамуымыздың негізі әрі кепілі болып отыр.

– Тағдыр біздің ұрпаққа тәуел­сіздікке қол жеткізу бақытын сыйлап, оны көздің қарашығындай сақтауды аманат етті. Тарихи міндетті абырой­мен іске асыру – баршамыз үшін қасиетті парыз. Осы жолда сіздерге толайым табыс, ынтымақ пен береке тілеймін! Мемлекет тұғыры берік, ел рухы биік, Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейтойының салтанатты ашы­луы құтты болсын! – деді аймақ басшысы.

Салтанатты шара шағын концертпен жалғасын тапты. Сахна төріне «Алтай», «Пируэт» би ансам­бльдері шықты. «Ан Сал Дар» әншілер тобы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жа­зылған «Отан Ана» әнін орындады, балалардың «Инкоро» және «Іңкәр» топтары Елбасының сүйіп айтатын «Ауылым» әнін тамылжыта шырқады, балалар хоры мен «Флеш» заманауи би тобы «Қазақстан балалары» қойылымын ұсынып, өнер­лерін көрсетті. Сал­танатты ша­ра соңында бүкіл өнер­паз залдағы көрермендермен бірге Әнұранды шырқады.

Атап өтерлігі, елдегі жағдайға байланысты 510 адамға арналған зал­дағы салтанатқа 50 адам қатысты. Олардың барлығы іс-шара басталар алдында экспресс-тест тапсырды.

 

Шығыс Қазақстан облысы