24 Желтоқсан, 2013

G-Global – дағдарысқа қарсы ұстаным

490 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін


Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өтуімен есте қалуы тиіс еді. Алайда барлығы да керісінше болып шықты. ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағдарыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.

 

Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өтуімен есте қалуы тиіс еді. Алайда барлығы да керісінше болып шықты. ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағдарыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.

Назарбаевтың ұсынысы – болашақты стратегия арқылы көру

2007-2009 жылдардың жаһан­дық қаржы-экономикалық дағ­дарысы капитал әлемін тұр­лау­сыздықтың «бесінші бұрышына» қойып, іс жүзінде болып жатқан терең факторының көрінісінен алшақтатып, халықаралық сарап­шылардың барлық «бірқалыпты» болжамдарын жоққа шығарды. Осы жағдайда Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев 2009 жылғы ақ­панда «Ресей газетінде» жария­лан­ған «Дағдарыстан шығу кіл­ті» мақаласында қазіргі заман­ның қаржы-экономикалық дағ­да­рысының мәнісіне жан-жақты салмақты ғылыми түсініктеме берді.

Сол іргелі мақаласында Елба­сы бұл табиғи апат және де кездейсоқ жағдайлар тоғысының нәтижесі еместігін, ал әлем экономикасының терең қателігінің заңды салдары екендігін атап өтті. Елбасының пі­кірінше, дағдарыс бастауы әлем­дік қаржы-экономикалық сәулеттің  тұрақсыздығында жасы­рын жатыр. Осыған байланыс­ты, қолданыстағы халықаралық валюталардың бірі де өркениеттің ұзақ мерзімді және үйлестірілген дамуына негіз бола алмайды, себебі, олардың барлығы «тауарлар мен қызметтер құнын бұлдыр бағалау» құралдарының ескірген қатарына жатады.

«Біз әлемдік дағдарысқа бү­кіл әлем болып ендік және осы жаһандық кілтті бүкіл әлем болып қана бұрай аламыз. Барлығы өзімізге байланысты», деді Н.Ә.На­зарбаев «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында. 2009 жылдың наурыз айында II Астана экономикалық фо­румының мінбесінен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қаржы-экономикалық сәулетті реформалаудың қажеттілігі тура­лы негіздеп айтты және тауарлар мен қызметтердің нақты құнын көтере алатын жаңа түрдегі бірыңғай ұлттық валюталардан жоғары валюта құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. «Жаңа үйлесімді жүйе құрудың негізі жаңа әлемдік валюта болуы тиіс екендігіне сенімдімін. Ол үшін, ең алдымен, әлемнің көптеген елдері қол қойған және БҰҰ мақұлдаған әлемдік валюта туралы жалпыға ортақ заң қабылдау қажет…», деп атап өтті Елбасы.

Бұл идеяны ІІ Астана эконо­микалық форумының қатысу­шы­лары, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл мен Эдмунд Фелпс, алдыңғы қатарлы халықаралық даму институттарының сарапшылары, сондай-ақ, Еуразияның аса ірі корпорацияларының басшылары ықыласпен қолдады, ол кейін «жиырмалар тобына» арналған қорытынды ұсыныстарда көрініс тапты. Бүкіләлемдік инновациялық қордың президенті Дэвид Стюарт Хиллдің пікірінше, «Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы – бұл тек саналы қадам ғана емес, сонымен қа­тар, болашақты стратегиялық көру. Оның дәлелдері мен қо­рытын­дыларын көптеген саяси бас­шы­лар назарға алулары қажет. Ол әлемдік жағдайды толық көріп отыр...».

2009 жылдың сәуір айында  Боаос Азиялық форумының конференциясында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конфуцийдің: «Өзгеріс желін сезінген кезде ақымақ желден қорғаныс салады, ал данышпан диірмен салады»,  деген қанатты сөзін келтірді. Осылайша ол Азия форумына қатысушыларға ескі даму парадигмасын ауыстыруға бірегей «тарихи мүмкіндік» барын ескертті. Сол жылдың қыркүйек айында «Известия» газетінде жа­рияланған «Бесінші жол» ғы­лыми-іргелі мақаласында автор эко­номикалық құндылықтардың заманауи жүйесіне объективті және терең баға берді. Сонымен қатар, экономиканың іргелі өзгерісі ағымында өтіп жатқан әлемдік үрдістерді тұрақты өлшеу және түзету маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің мақалаларында және халықаралық форумдарда сөйлеген сөзінде баяндалған жан-жақты таразыланған ғылыми көзқарастары бүгінгі таңда тұрақтанудың әлеуметтікке қарсы, соның ішінде протекционистік шаралар емес, түпкілікті қайта құруды талап ететін қазіргі заманның объективті шындығымен қарама-қайшылыққа түскен ескі даму парадигмасының теориялық кіріспесіне айналды. Сонымен бірге, қазіргі заман тарихына шын мәнінде айрықша мәні бар әлемдік экономиканың жаңа құрылымын құру бастамасы  жалпыға ортақ халықаралық талқылаудан бастап, оны жаһандық саяси салаға ілгерілетудің алғашқы қадамдарына дейін көптеген эволюциялық жолды басынан кешті. Бұл үрдістің локомотиві 2008 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық клубының бірегей ғылыми-ықпалдастық тұғырнамасы болды.

Бұл жоба іске асуға 2007 жылда-ақ, Елбасы Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда сөз сөйлей отырып, бірыңғай бірлестік шеңберінде әлем ғалымдары мен практиктерін шоғырландыру идеясын алға тартқанда жолдама алды. Мұндай ғылыми-ықпалдастық тұғырнама әлем тарихындағы теңдесі жоқ дерек екенінде шүбә жоқ. Нақты тәжірибеде заманауи саясаткерлердің ешбірі өз әрекеттерінде ғылым мен тәжірибе секілді прогрестің мұндай жетекші күшіне сүйенген жоқ. Осы ықпалдастыру құрылымын құра отырып және оның зияткерлік әлеуетін дағдарысқа қарсы іс-қимылдың көлемді жобаларына бағыттай отырып, Қазақстан Республикасының Президенті уақыттың қуатты мейнстриміне – қазіргі заманның жаһандық талаптарына шоғырландырылған жауап іздеуге бастама берді. «Ойын теориясы» патриархы, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэштің айтуынша, ғаламшардың алдыңғы қатарлы сарапшыларын біріктіре отырып, Қазақстан дағдарысқа қарсы халықаралық үнқатысудың ірі ошағына ғана емес, жаһандық өзгеріс желі соға бастаған жерге айналды.

«G-Global» пішініндегі жаңа шындық

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі жүйелі жұмыстарда радикалды тұғырнама ретінде Ғалымдардың еуразиялық экономикалық ассоциациясы дағдарыс кезіндегі ғана емес, сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі де дамудың оңтайлы механизмдерін жасауда халықаралық ғылым мен тәжірибенің біріккен күштерінің әлеуетті мүмкіндіктерін әлемге паш етті. Осы бірлестік шеңберінде белсенді қызмет еткен жылдарында әлемдік ғылым мен тәжірибе өкілдері ағымдағы дағдарыстың теңдессіз көлемді сараптамасын жасады. Нәтижесінде олар заманауи экономикалық тәжірибенің көптеген шиеленген мәселелерін, соның ішінде әлемдік қаржы-экономикалық сәулетін  реформалау тақырыбын Астана экономикалық форумы, Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция және «G-Global» коммуникативтік пішінде халықаралық талқылау деңгейіне шығарды. Бұл пікір­таластардың қорытынды құжаттарын БҰҰ-ның сарапшылары, «G 20» елдер тобы, алдыңғы қатарлы халық­аралық ұйымдар мен даму институттары әлем экономикасын тұрақтандыруға айтарлықтай қосқан үлес ретінде қа­рас­тырады. Мұның өзінде еуразиялық ық­пал­дастыру тұғырнамасының жаһандық даму үшін оңтайлы дағдарысқа қар­сы механизмдер жасаудағы маңызы да одан әрі жоғары бағаланып келеді.

2012 жылдың маусым айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық сессиясын­да V Астана экономикалық форумының ұсыныстарын «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясының басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті На­сир Абд әл-Азиз ан-Насерге, сондай-ақ, Мек­сиканың Сыртқы істер министрінің орын­басары, «G 20»-дағы Мексиканың шерпасы Лурдес Аранде Безауриге тапсырды. Өзі­нің жауабында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былай деді: «Мен құрметті Қазақ­стан Республикасының өкіліне өткен айда болған V Астана эко­но­ми­калық форумының нәтижесі болып табылатын, бізге берген жақсы ұсыныс­тары үшін алғыс айтқым келеді. Олар назарға алы­натынына және «G 20» елдері басшы­ларымен, сондай-ақ, «G 20»-ның Мексикадағы өкілдігінің өкілдерімен тал­қылауда менің жолдауымның күн тәр­ті­бін­де көрініс табатынына сенімдімін. Өз кезе­гінде «G 20»-дағы Мексика шерпасы Лур­дес Аранде Безаури «қазіргі заманның эконо­микалық талаптарына халықаралық қарсы шығудың ажырамас бөлігі болып табылатын...» Астана экономикалық форумы ұсыныстарының жоғары сапалы мазмұнын атап өтті.

Әлемдік қоғамдастықтың Астана дағ­да­рысқа қарсы пікірталастарына қызы­ғу­шылығының артуы – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамалары ағымдағы дағда­рысты жоюда да, дағдарыстан кейінгі да­мудың жаңартылған үлгілерін құру үшін де өзекті екендігінің жарқын көрінісі. Со­нымен қатар, қаржы саласының жүйелі қателіктері тек экономиканы қозғап қана қоймайды. Олар өздерінің кері әсерін жалпы жаһандық әлеумет жағдайына тигізеді. Бұл жағдайларда дамудың экономикалық және өзге де аспектілерінің көптеген өзекті мәселелерін үнқатысудың тар, атап айтқанда, «G 8» және «G 20» пішінінде шешу заманауи өзгерістер мен әлем экономикасының беталыстарының жүйелі сипатының әсерінен мейлінше ауыр болып барады. Осыған байланысты V Астана экономикалық форумында Елбасы әлемдік қоғамдастықты шынайы адамгершілікке, төзімділікке және шыдамдылыққа негіз­делген ХХІ ғасырдағы әлемді құрудың жаңа «G-Global» қағидаларын құруға шақырды.

Халықаралық экономикалық саясатты одан да конструктивті құру және дағдарысқа қарсы жаһандық шешімдер іздестіру мақ­сатында ол қазіргі «G 20» үнқатысу піші­ніне қосымша ретінде «G-Global» елде­рі тобын құру туралы ұсынысын алға тарт­ты. Форум шеңберінде Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Астанада Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспарын жасау үшін Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу қажеттілігі туралы айтты. Мұ­ның өзінде әлемді экономикалық өзгерту жұмыстары БҰҰ-ның қамқорлығымен өту керектігі атап өтілді. Мұндай қажеттілік экономиканың барлық үдерістерінің үдемелі жаһандануымен еріксіз қабыл­да­нып отыр, ол БҰҰ қызметінің экономи­калық құрамасының парадигмасын ауыстыруды меңзейді. Сондай-ақ, Елбасы әлем дағдарысы себептерін болжау және жою валюталық және сауда-экономикалық реттеу саласындағы әлемдік құрылымдар жұмысының басты мәні болуы тиіс еке­нін атап көрсетті. 2012 жылғы 21 желтоқ­санда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блеясының  қарарымен Астана қаласында Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу туралы ұсынысты БҰҰ-ға қаты­сушы барлық 193 ел қолдады.

Астана экономикалық форумының ха­лық­аралық экономикалық күн тәртібін қалып­тастырудағы көпполярлы әлемнің логи­касын жеткізуші ретінде рөлінің өсуін есепке ала отырып, ағымдағы жылда Қазақ­станға VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция шеңберінде «G 20»-ның Ресейлік өкілдігінің аутрич-шарасын өткізу сеніп тапсырылды. Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін салушы және атқарушы төрағасы Давос Клаус Швабтың пікірінше, капиталистік жүйе және оның бүгінгі пішіні қазіргі заман үлгісімен үйлеспейді. Осы­ған байланысты саяси және қаржы истэблиш­ментіне ынтымақтастықтың «жаңа стилін» құрған дұрыс болады, ол пайда болып жат­қан қиыншылықтарды бірлесе жеңуге мүмкіндік береді.

 Бұл – Қазақстанның абсолютті мойындалуы

2013 жылы VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция пікірталасына әлемнің 12 мың делегаты, соның ішінде дүниежүзінің 136 елінен 3200-ден астам өкіл қатысты. Орталық банктер басшылары, экономика және қаржы министрлері деңгейінде өткізілген алғашқы Дағдарысқа қарсы бүкіл­әлемдік конференция әлемдік экономиканы сауықтыру бойынша алдағы бірлескен әрекеттердің шегін анықтады. Астанада Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция қазіргі заманның негізгі проб­лемаларын БҰҰ Бас Ассамблеясының және «G 20» елдері тобы өкілдігінің тікелей қолдауымен елдерді дағдарыссыз әлемге ілгерілетуде біртұтас оқиғаға айналды. Мұның өзінде конференция БҰҰ шеңберінде үзілген пікірталастарды жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен қатар, әлемдік дағдарысқа қарсы дискурста өзіндік мәртебесі, орны және маңызы бар дербес формат ретінде қалыптасты.

VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік ко­н­фе­ренцияның пленарлық отыры­сында сөз сөйлеген Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­баев «G-Global» коммуникативтік тұғыр­на­масы­ның негізінде халықаралық өзара әре­кет ету маңыздылығын атап өтті. БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспарын жасауға халықаралық қоғамдастықтың жоғары назары жағдайында «G-Global» интерактивті тұғырнамасы дағдарысқа қарсы саясаттың жаңа акценттерін ғана емес, ескі ойлау стерео­тип­терінен еркін дәуірдің жаңа дүниета­нымын қалыптастыратын жаһандық ком­му­никация болып табылады. Жылдар көк­жиегінде әлемді бүгінгі миллиард адамның санасында контур қалыптасқан шындық қана күтеді. Санкт-Петербург қала­сында өткен «G 20» Саммитінде Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев көптеген дамып келе жат­қан елдердің көзқарастары аса маңызды шешім қабылдаған кезде түпкілікті назарға алынбайтынын атап өтті. «...Қазақстан секілді елдердің даусы тыңдалуы үшін мен екі жыл бұрын G-Global жобасын алға тарттым. Бұл «G 8» және «G 20»-ның баламасы емес, ол ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асып жатқан  ғаламдық үн­қа­тысудың қосымша құралы», – деді Елбасы.

 Саммит шаралары шеңберінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун экономикалық қауіпсіздіктің халықаралық саясатын қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасы Президентімен кездесу барысында ол былай деп атап өтті: «Қазақстанды «G 20» Саммитіне шақыру елдің экономикалық дамуындағы табыстары мен жетістіктерін абсолютті мойындау, оның халықаралық мәртебесінің артқаны, сондай-ақ, мем­ле­кеттің жаһандық экономикалық мәселелерді шешудегі рөлінің куәсі деп білемін. Сіз Қазақстанды өңірлік қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратын елге айналдырдыңыз және мұның бәріне Сіздің лидерлік қасиетіңіздің арқасында қол жеткізіліп отыр. БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспарын әлем мемлекеттерінің көпшілігінің жасау және қабылдау үрдісін одан әрі демократиялау және ғаламшардың әрбір тұрғынына шын мәнінде ғаламшарлық мәні бар жоба жасауға тікелей қатысуға құқық беру мақсатында G-Global виртуалды пішінінде пікірталас үздіксіз түзімде жүргізіледі. 2014 жылдың мамыр айында VII Астана экономикалық форумы кезінде өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференцияда әлемдік қоғамдастық БҰҰ-ның Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы жоспары жобасын қабылдауы тиіс, оны жүзеге асыру жаһандық экономиканың және тұтастай алғанда, өркениеттің алдағы тағдырын белгілейді». Әлемдік қоғамдастық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мүмкіннің және мүмкін еместің шегін кеңейту қабілеті бар лидер ретінде мінездеме бере отырып, оның  қазіргі заманның жаңа экономикалық саясатын қалыптастырудағы рөліне жоғары баға береді.

Оның шын мәнінде үздік бастамаларын жан-жақты қолдай отырып, әлем ғалымдары мен саясаткерлері жаһандық тұрлаусыздық жағдайында Қазақстан басшысының нақ өзі қазіргі заманның айқындаушы мейнстриміне айналған жаңа экономикалық даму  ықпалын анықтай алғанын атап өтеді. Жер бетін топан су баса алмайды, әрқашан күн бар, дейді. Дағдарыс пен аласапыран әлем экономикасын күйзелтпес үшін оның қаржылық негізін іргелі түрде тұрақты ету қажет. Бұл бүгінгі таңда барлық өркениет басымдықтарының артықшылығы болып табылады.

Серік НӨГЕРБЕКОВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22