Экономика • 09 Ақпан, 2021

Бір жылда сары май да қымбаттаған

758 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ең қымбат сары май Атырауда, оның бір келісі 3,2 мың теңге (+3,3%). Қазақстанда сары май өндірісі бір жылда 30,1%-ға өскеніне қарамастан өнім 13%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.


Бір жылда сары май да қымбаттаған

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 24,6 мың тонна сары май өндіріліп, өндіріс бір жылда 30,1%-ға өскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Алайда өнім 13%-ға қымбаттаған. Сары май өндірісінің үштен екісі Қазақстанның 3 өңіріне ғана тиесілі. Бірінші орында 8,6 мың тонна май өндірген Алматы қаласы (бір жылдағы өсім - 41,3%) тұр. Мұнда «Adal Сүт» ЖШС, «МАСЛО — ДЕЛ FOOD», «Солнечный» және басқа да сүт зауыттары орналасқан. Екінші орында – 3,8 мың тонна май өндірген Қостанай облысы (бір жылдағы өсім - 24,8%). Өңірде «ПК Вита» ЖШС, «ДЕП» ЖШС және тағы басқа компаниялар жұмыс істейді. Үздік үштікке 3,7 мың тонна май өндірген Солтүстік Қазақстан облысы енді.

Мұнда «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС-ның филлиалы, «Молпродукт»  ЖШС және тағы басқа компаниялар бар. Жалпы елімізде сары маймен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі өте жоғары. 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша отандық нарықта сатылған 4 келі майдың үшеуін қазақстандық май өндірушілер шығарған. Осы кезеңде отандық компаниялар өндірген өнім 26%-ға, ал импорт бірден 1,5 есе өскен.

Осылайша, жалпы сұраныстағы жергілікті өндірістің үлесі (ішкі және сыртқы нарықта сату) 77,5% болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 80,2% болған еді. Сары майдың бөлшек саудадағы бағасы Қазақстан қалалары бойынша орташа есеппен алтыншы жыл қатарынан өсіп келеді.

Соңғы жылы ол 13,2%-ға артты (2021 жылдың қаңтарында бір келі сары майдың бағасы 2,7 мың теңгеге дейін өсті). Ең қымбат сары май Атырауда, оның бір келісі 3,2 мың теңге (+3,3%). Кейін тізімде Нұр-Сұлтан, Ақтау (мұнда 1 келі сары май - 3,1 мың теңге), Қарағанды, Алматы (бұл қалаларда орташа есеппен 1 келі сары май - 3,1 мың теңге) тұр.

Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистері арасында сары май Павлодарда бірден 30,8%-ға қымбаттады. Алматы (+29%) және Түркістанда (+22,8%) бағалар айтарлықтай өскен. Сары май тек Ақтау (22,4%-ға) және Өскеменде (1,9%-ға) арзандаған.