Оқиға • 09 Ақпан, 2021

Алматы облысында 26 рет ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 26 ұрлық жасап, жәбірленушілерге жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында 26 рет ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ескелді ауданының полицейлері Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы бөлімшенің көмегімен облыс аумағында жасалған бірқатар ұрлықтарға қатысы бар деген күдікпен Қарабұлақ кентінің 36 жастағы тұрғынын  ұстады. 

«Ұсталған адамды криминалдық базалар бойынша тексерген полицейлер оның Алматы облысының  аумағында жасалған 26 ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Ол жымысқы әрекеттерін Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және т.б. елді мекендерде іске асырған. Ол қылмыстарының барлығын тапатал түсте жасаған, жеке үйлерге пластикалық терезелерді сығымдап ашу арқылы кірген. Дәлелденген эпизодтар бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады. Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», деп хабарлады Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов. 

Күдікті негізінен алтын бұйымдар мен ұялы телефондарды алып кетумен айналысқан. 

«Айғақ заттары аз қылмыстарды ашу барысында  қылмыскерлердің қол іздері арқылы ғана кінәліні анықтау сарапшы-криминалистердің асқан шеберлігін талап етеді. Криминалист мамандардың оқиға орнынан мұқият жинаған дәлелдерінің арқасында оның бірқатар қылмыстарға қатыстылығы әшкереленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды», деді Қайрат Баймұханов.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35