Энергетиканың қысқаша даму жолдары – бірінші, индустриялық революция XVΙΙΙ ғасырдың аяғында Англияда қарапайым тоқыма өндірісін механикаландырудан басталғаны белгілі. Бұрын қолмен істелген қара жұмыс бір жүйеге бағындырылды. Осылайша завод, фабрикалар пайда болды. Бірінші өнеркәсіптік революциясының жетістіктеріне жол ашқан негізгі қозғалтқыш күш – көмір мен бу болды деп есептейді Джереми Рифкин. Джереми Рифкин-америкалық экономист, саясат танушы. Екінші индустриялық революция XX ғасырдың бас кезіне сәйкес келді. Екінші индустриялық революция кезінде электр энергияны өндіру кеңінен тарады. Эдиссонның электрлік жарықтандыру шамы іске қосылды. Телефон, радио, теледидар құралдары пайда болды. Мұнай мен газ өндіру барынша дамыды. Оның өнімдерін пайдаланатын автокөліктер, басқа тұрмыстық техникалар дүниеге кеңінен тарады. Осы үдірістің ақырында адамзат қауымы мұнай мен газдың, басқа да минералды шикізат көздерінің жетіспеушілігіне ұрынды. Жер шарының экологиялық жағдайы нашарлады. Джереми Рифкин адамзатты осы дағдарыстан шығарудың жолы ретінде үшінші индустриялық революцияның жеткенін мәлімдейді.Оның бастапқы да негізгі белгісі ретінде сандық байланыс құралдарының өмірге келіп,ерекше екпінмен дами түскенін айтады. «Интернет» әлемді өзгертті. Бірақ адамзат тұтынып келе жатқан қуат көздері бұрыңғы қалпында қалып отыр. Адамзат ұрынып отырған қазіргі экономикалық дағдарыстар міне осы жағдайдан бастау алып отыр дейді Джереми Рифкин.
Еуропа елдері қазірдің өзінде күн мен жел энергиясын сенімді түрде молынан игеруде. Болашақта таусылмайтын қуат көзі ретінде сутегін игеруді жолға қоюда.
Кәсіби қызмет саласына ғылым және техника, оның ішінде электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну үрдістері кіреді. Түлектердің кәсіптік қызмет ету объектілеріне электрлік станциялар, әртүрлі кернеудегі электрлік тарату тораптары жатады.
«Электрэнергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндеріне: электрлік таратушы желілер, электрлік станциялар және қосалқы станциялар, таратушы желілердегі релелік қорғаныс және автоматика жатады. Сонымен қатар, атқаратын кәсіби қызмет түрлеріне: өндірістік-технологиялық қызмет көрсету және эксплуатациялық, ұйымдастыру және басқару, мондаждау-жөндеу, есептік – жобалау, эксперименталды-зерттеу жұмыстары кіреді.
Ғылым және техника саласының кәсіби қызыметі, электр энергиясын қолдану мен тарату өндірісін өзіне кіргізу болып табылады. Бітіруші түлектердің кәсіби қызметтерінің объектісі болып электр станциялар, әр түрлі кернеулі таратушы электр желілері қарастырылады. Кәсіби қызметке: тартушы электр тораптары, электр станциялары мен қосалқы станциялар, таратушы тораптың автоматикасы және релелік қорғанысы кіреді. Кәсіби қызметтің типтік мақсаты: жұмыс жасау сапасын бақылау және техникалық қызмет көрсету, жетілдіру, электрмен жабдықтау жүйелерінде техника-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту және модернизациялау, электрлік станциялар мен қосалқы станциялар, коммутациялық аппараттарды стандартты сертификациялық сынақтардан өткізу, қорғаныстық аппараттарды, оқшаулағыштарды, өлшеуіш аспаптарды, релелік қорғаныс пен автоматика құралдары мен жүйелері, тоқ және кернеу трансформаторлары, электрмен жабдықтау жүйесінің жобаларын әзірлеуге қатысуға, әр түрлі кернеулі электр станциялар мен қосалқы станциялар, техникалық ұсыныстардың эксперттік бағалауын жүргізу, техникалық тапсырмалар мен басқа құжаттар, электрмен жабдықтау жүйесі жобасымен байланысты, электрлік желілер өлшеуіш параметрлерінің өлшеу құралдарының негізгі болып метрологиялық тексерілудің іске асырылуы жатады.
-Университеттің осы саладағы дайындап жатқан мамандарының білікті және өндіріске дайын болуына өңірлік кәсіпорындар да өз үлестерін қосуда.
«Қаражанбасмұнай» мен Yessenov University арасындағы меморандум негізінде электрэнергетика мамандығының студенттерін кен орындағы тәжірибелік біліктілікті арттыруға бағытталған оқыту басталды. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» басқарма өкілдерімен студенттерарасында кездесу өтті.
«Қаражанбасмұнай» АҚ басқарма өкілдері жалынды жастарға жылы лебіз білдіріп, студенттердің кенорнынан жинайтын тәжірибесі алған білімін шыңдай түсетіне сенім білдірді. Yessenov University және «Қаражанбасмұнай» АҚ арасындағы осындай бастама болашақ білікті мамандардың өдірістік тәжірибе жинақтауға және теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға улкен мүкіндік болып отыр, дейді «Энергетика және көлік» кафедрасының меңгерушісі Көптілеу Бажиков.
Маңғыстау облысы