Әлем • 09 Ақпан, 2021

Мьянмада 30 ереуілші қамалды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскерилер демократияны қолдайтын Ұлттық лига» деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де босатпай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мьянмада 30 ереуілші қамалды

Мьянмадағы Мандалай қаласында әскерилердің билігіне қарсы наразылық шарасына қатысқан 30 шақты адам қамауға алынды. 

Ресми дерек бойынша, бас көтергендерді тарату үшін тәртіп сақшылары суатқыштар қолданған. Reuters агенттігінің дерегінше, 27 адам ұсталған, оның біреуі – журналист. Билік митингке шыққандар «5 адамнан көп болып жиналуға болмайды» деген ережені бұзды деп отыр. 

Мьянманы жаппай ереуілдердің шарпығанына бірнеше күн болды. Наразылық шаралары ел астанасы Нейпьидода, Янгонда, Мандалайда және бірқатар қалада өтіп жатыр. Бас көтергендер әскерилерден президент пен мемлекеттік кеңесшіні босатуды талап етуде.

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Олар «демократияны қолдайтын Ұлттық лига» деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де босатпай отыр.