Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Полицейлер пойызда ішімдік ішкен жолсерікті түсіріп алды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 ақпанда Арыс-2 станциясындағы Желілік полиция бөлімшесіне «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар поезының бригадирі жоғарыда аталған поездың жолсеріктерінің бірі қоғамдық тәртіпті бұзғандығы және полиция қызметінің қажеттігі туралы өтініш айтып, арызданды.

Полицейлер пойызда ішімдік ішкен жолсерікті түсіріп алды

Бригадирдің айтуынша, оның әріптесі жұмыс орнында алкогольді ішімдікті ішкен, өзін дұрыс ұстамаған, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғынын анықтады. Пойыз бастығының актісі негізінде құқық бұзушы пойыздан түсірілді.

Жолсерік «орташа» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болып шықты. Бұны медициналық тексерудің қорытындысы растады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, яғни, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы, яғни, тыныштықты бұзу, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ұсақ бұзақылық бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды.

Алкогольді ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін оған 10 АЕК (29 170 тенге)мөлшерінде айыппұл салынды.Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, яғни, «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Түркістан облысы Арыс аудандық сотының шешімімен оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.