Тағайындау • 09 Ақпан, 2021

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа әкім бұған дейін облыстық мәслихаттың депутаты болған және оның хатшысы болып сайланған Ернұр Айткеновтің орнына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауданының әкімі лауазымына Серік Батырғожиновтың кандидатурасы жергілікті мәслихат депутаттарымен келісілген.

Одан соң өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов аудан активіне жаңа басшыны таныстырды.

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «агрономия» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданы «Голубовский» кеңшарында жұмысшы болып бастады. Жоғары білім алып, 1990 жылы кеңшардың бас агрономы болды.

1993 жылдан 1999 жылға дейін павлодарлық «Себат» ЖШС директоры болып жұмыс істеді, «Беловодское АҚП» АҚ-ны, «Иса Байзақов атындағы» ЖШС-ны және Ертіс ауданының «Алтыншы ауыл» АТ ЖШС-ны басқарды.

1999 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Качир ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2000 жылдан 2003 жылдың желтоқсанына дейін Качир ауданын басқарды.

2004 жылғы қаңтардан 2011 жылға дейін Ертіс ауданы «Аманкөл» ШҚ басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.

2011-2013 жылдары – Ертіс ауданындағы «Нұрби» ЖШС директоры.

2013 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қызметке оралып, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болды.

2014-2016 жылдары – Ақтоғай ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары – Ертіс ауданының әкімі.

2020 жылы Серік Батырғожинов Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болып тағайындалып, онда жаңа тағайындауға дейін жұмыс істеді.