Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдап, 30-дан аса мәселе талқыланғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

«Азаматтарды қабылдадым. Тұрғындармен кері байланысты нығайту үшін оларды апта сайын қабылдаймыз, бұл қала тұрғындарының мәселесін тез қарауға мүмкіндік береді. Бүгін бас-аяғы 30-дан аса мәселемен 18 адам келді. Басты мәселелер - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдем, білім алу, медициналық көмек, жеке іс ашуға көмектесу және т.с.с.

Әлеуметтік әлсіз топқа жататын азаматтардың барлық санаты үшін жан-жақты жағдай жасау маңызды. Бұл дегеніміз - тұрғын үй мәселесін шешу, оңалту; біліммен, жұмыспен, медициналық көмекпен және т.б. қамтамасыз ету.

Тек былтырдың өзінде ДЦП, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірнеше оңалту орталығы ашылды, сондай-ақ, инватакси саны 2 есе өсті.

Жаңа үйлердің бірінші қабатында "қадамдық қолжетімдік" қағидатына сәйкес балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, үй маңындағы доктор және т.с.с. нысандар ашамыз.

Балалар-біздің болашағымыз. Оларды дамыту, оңалту және білім беру үшін барлық жағдай жасау маңызды. Биыл осы бағыттарды жүйелі негізде дамытуды жалғастырамыз», - дейді қала әкімі.