Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Шымкентте 259 модификацияланған кабинет ашылады

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы мектептердің 7 242 кезекші сыныбында 100 477 оқушы, қашықтықтан 104 393 оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 259 модификацияланған кабинет ашылады

Өкінішке орай 65 мектеп оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды (онлайн-46, оффлайн-19). Осыған орай №1, 6, 18, 22, 35, 49, 66, 99, 104, 108 мектептері карантинге жабылды. Десе те аталған мектеп оқушылары 100 пайыз қашықтықтан білім алуда.

Осы жылы мектептер 259 жаңа модификацияланған кабинетпен толықпақ. Оның ішінде химия - 95 , физика - 50 , биология – 82, СТЕМ кабинет – 13, робототехника – 23, логопедиялық кабинет – 7. Одан бөлек, 205 панельдік тақта, 28 мектепке спорт алаңын орнату үшін Шымкент қалалық сатып алу департаментіне өтінім берілді.

Сонымен қатар, барлық мектептердің сыртқы әжетханаларын жою жұмыстары басталды. Олардың саны 151 болатын. Заң жүзінде36 мектептің сыртта әжетханасы болмаған. Ал әжетхананы бұзу туралы құжаттама дайындалған мектептер саны – 61. Қалған 90 жаңа мектепке зерделеу жұмыстары жүргізіліп, шешім қабылданатын болады.