Білім • 10 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың орын ашылады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әкімдігінде мектеп құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізуде. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда екі есе, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп орын ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың орын ашылады

«Білім сапасы мен оған жағдай жасауға мән беру өте маңызды. Тұрғындар санының артуына байланысты мектептердегі оқушыларға орын жетіспеушілігін қысқарту үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек. 2020 жылы 2019 жылға қарағанда пайдалануға берілген мектепер саны екі есеге көп. Бұл 11 білім мекемесі бұрын мектеп болмаған тұрғын алаптарда салынды. Ол жерлерде бұрын балалар бейімделген ғимараттарда оқыған. Жаңа мектептер үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, бірқатар мектеп қазандық жылытудан орталықтандырылған жылытуға көшірілді. Бұл – мектептерге тек жылыту бойынша жыл сайын 100 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. 2021 жылы 15 ірігабаритті мектептер салатын боламыз. Бұл 40 мың орын ашуға  мүмкіндік береді», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

5 жылдық кешенді жоспар аясында 50 мектептің құрылысын жүргізуге жоспарланып отыр. Мектеп құрылысына жеке инвесторлар да тартылатын болады.

Бұдан бөлек, елорда әкімі Алтай Көлгінов қолданыстағы білім  ошақтарының күтіміне де тиісті көңіл бөлу керектгін атап өтті. Өткен жылы 26 білім нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді (мектептер, балабақшалар, колледждер).Бұл жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.