Спорт • 10 Ақпан, 2021

Australian Оpen-2021: Зарина Дияс үшінші кезеңге жолдама алды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2021 турнирінде қазақстандық Зарина Дияс үшінші айналымға өтті деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Australian Оpen-2021: Зарина Дияс үшінші кезеңге жолдама алды

Екінші кезеңде Зарина америкалық Бернарда Перамен жолыққан болатын. Үш сетке созылған матч 2:1 есебімен (4:6, 6:3, 6:3) Диястың пайдасына шешілді. 

Кездесу 2 сағат 5 минутқа жалғасқан. 

Айта кетелік, WTA рейтингінде Зарина Дияс 83-ші, Бернарда Пера 66-шы орында.