Елорда • 10 Ақпан, 2021

Елордаға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асқан

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанды дамытуға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордаға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асқан

«Инвестицияның көлемі 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. 2019 жылмен салыстырғанда бұл 200 миллиард теңгеге артық немесе 21%-ға көп. Ал құрылысқа 574 миллиард теңге бөлінді», деді ол халыққа есеп беру кездеуінде.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде қалада шағын және орта бизнес субъектілері 11 мыңға көбейген.

«Нәтижесінде 1 триллион теңгеге өнім өндірілді», дейді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі Нұр-Сұлтанның экономикалық драйвері құрылыс саласы екенін атап өтті.

«Коронавирус пандемиясы кезіндегі шектеулерге қарамастан 3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырсақ, бұл 1 миллион 300 мың шаршы метрге көп. Біріншіден, бұл экономикаға оң серпінін тигізді: салық төленді, көптеген адам жұмысқа орналасты. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын жеке баспанасына ие болды», деп түйіндеді сөзін ол.