Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Парламент Сенатының бюро отырысы Сенатқа түскен заң жобаларын бөлуге және Жоғарғы Соттың судьяларын босату және сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымына, палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдады, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылғы негізгі іс-шараларының жоспарын негізінен мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Парламент Сенатының бюро отырысы Сенатқа түскен заң жобаларын бөлуге және Жоғарғы Соттың судьяларын босату және сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымына, палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдады, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылғы негізгі іс-шараларының жоспарын негізінен мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Палата комитеттеріне тиісті заң жобалары бөліп берілген соң, Сенаттың 26 желтоқсандағы кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. Бюро мүшелері, сондай-ақ, Парламент Сенатының 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын негізінен мақұлдады.
Құжатта Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын, сонымен қатар, Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды іске асыруға бағытталған депутаттардың заң шығару жұмыстары көрініс тапты.
Сенатта жыл ішінде жаңа бюджет саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік, денешынықтыруды дамыту, бұқаралық спорт және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша үкіметтік сағаттар өтеді. Еліміздің жасыл экономикаға көшу мәселелері бойынша парламенттік тыңдау 2014 жылғы ІV тоқсанға жоспарланды.
Сенат комитеттері еліміздің аймақтарында тақырыптық көшпелі отырыстар өткізетін болады. Онда мемлекеттік шекара туралы заңнаманы іске асыру, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау, бюджет үдерістерін жетілдіру және балық шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылау көзделіп отыр.
Сенаттағы бірқатар дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар аймақтарды газбен қамту, ғылыми-техникалық білім беру жүйесін дамыту, қылмыстық-атқару жүйесінің проблемалары, әкімшілік заңнамасын реформалау, кооперация мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналатын болады.
Сенаторлар орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттары мен оқу орындарының басшыларымен кездесулер өткізеді. Депутаттар тоқсан сайын аймақтарға дәстүрлі сапарға шығады. Жергілікті өкілді органдармен, оның ішінде «Өңір» депутаттық тобы арқылы өзара іс-қимыл жалғасатын болады.
Сенаттың халықаралық шаралары арасында 2014 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысын, Сенат Төрағасы мен депутаттары БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Еуропа Кеңесі, НАТО парламентаралық форумдарының, «Қазақстан Республикасы – Еуропа Одағы» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шараларына қатысатынын атап өту керек. Одан басқа, екіжақты ресми сапарлар, сонымен бірге, шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтары бойынша кездесулер жоспарланды.