«Шекара маңы аудандарында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктер енгізілді.
ҚР азаматтары үшін, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін) ұлғайтылды.
Ерекше жағдайларда: емделуге, оқуға бару, қызметпен, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасындағы жағдайы ауыр науқасқа күтім жасау, жолаушы тасымалы, халықаралық тасымал үшін шектеу жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келген (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттерге шетелдіктердің шығуына, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне/аумағы арқылы транзитпен өтуіне рұқсат етіледі», деді министр.
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32