Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Биыл үшінші мегаполисте жүздеген жоба қолдау табады

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде экономиканың белгілі бір секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған. Елімізде экономиканың белгілі бір секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған. 

Биыл үшінші мегаполисте жүздеген жоба қолдау табады

Мемлекеттік бағдарламаның Шымкент қаласында жүзеге асырылу барысы жөнінде қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Береке Дүйсебеков баяндады. 

- Өткен жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд.теңгеге 30 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда жобалардың өсу серпіні 3 еседен асады. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 396,0 млн. теңгеге 418 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 576,0 млн. теңгеге 100 жаңа жобаға қолдау көрсету көзделіп отыр,  деді басқарма басшысы. 

Айта өтсек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мақсаты – халықтың мұқтажын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру мақсатында бәсекеге қабілетті өндірістер құру.

Бағдарлама аясында банк алдында мемлекеттің кепілдігі қарастырылған. Кепілдік несиелеудің барлық мерзіміне беріледі. Несие мөлшеріне ешқандай шектеулер жоқ. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын несиелер бойынша жүзеге асырылады, оның 6%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Инвестициялық мақсаттарға субсидиялау мерзімі 10 жыл, айналым қаражатын толықтыруға үш жыл.

9587

Субсидиялауға және кепілдендіруге өтінімдер Egov, онлайн Даму порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады және субсидиялау мен кепілдендіру шарттарына қол қою электрондық тәсілмен де мүмкін.

Осы бағдарлама бойынша және бизнесті қолдаудың басқа да мемлекеттік бағдарламалары бойынша толық ақпаратты www.damu.kz сайтынан және Қонаев 95/1. Тел. +7 (7252) 99-70-49 нөмірі  арқылы алуға болады.