Қазақстан • 11 Ақпан, 2021

«Қайырымды істер марафоны» басталды

222 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды.

«Қайырымды істер марафоны» басталды

Аймақтар донорлар мен меценаттар кездесуіне бейнебайланыс арқылы қосылды. Сондай-ақ аталған кездесу Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, бизнес және үкіметтік емес сектор, қайырымдылық және еріктілер ұйымдары өкілдері, атап айтқанда, «Aitas KZ» АҚ президенті Ксения Верба, «Altyn Qyran Foundation» қорының директоры Мақсұтбек Айтмағанбет, Қазақстанның волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова және басқалар қатысты.

Өткен 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланып, барша қазақстандықтарды қайырымды істер аясында біріктірді.

«Бүгінгі таңда еліміздегі волонтерлер саны 100 мыңға жуық адамды құрайды. Олар үшін адамдарға көмек беру – тек жоғары гуманистік әрекет емес, өмірдің нормасы мен жан қалауы», деді А.Балаева.

Қатысушылар қайы­рым­дылық бастамалар, еріктілер қыз­метін дамытудағы бизнес­тің рөлі, донорлық қызметтегі ха­лық­аралық тәжірибе, қоғам­ның әлеуметтік маңыз­ды мәселелерін шешуде аза­мат­тық белсенділіктің рөлі, қазақ­стандық волонтерлік тәжірибе туралы ойларымен бөлісті. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Лима Диас «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасымен таныстырды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінде (мектеп, колледж, университет) сынып сағаттары, онлайн-тренингтер мен фандрайзинг, корпоративті волонтерлік бойынша шеберлік дәрістері өтеді. Марафонға барлық қазақстандық, оның ішінде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, білім беру мекемелері қатыса алады.

Талқылау барысында корпо­ративті сектордың өкілі Әсел Қожақова БАҚ өкілдерін марафон шаралары туралы ақпарат­тан­дыруда белсенді қатысуға, адамдарды жақындары мен мұқ­таж адамдарға жақсылық жасау­да ақпараттық түрткі болуға шақыр­ды. Кездесу барысында пікір алмасуға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев те қосылып, «Қайырымды істер марафоны» шараларына шетелде тұратын отандастарды тартуды ұсынды.

А.Балаева өзінің қорытынды сөзінде барлық азаматтық қоғам институттарына жергілікті жер­лерде белсенді болып, бүкіл­ха­лықтық игілікті істерге өз үлес­терін қосуға шақырды. «Мен ме­це­наттық қызметті жүзеге асыра­тын барлық кәсіп­керлерге қоғам­дық және аза­маттық бастама­ларды белсенді түрде қолдауға шақырамын», деді министр.

Қатысушылар қоғамды осы жоба аясында біріктірудің ма­ңыздылығы мемлекет пен қайырымдылық ұйымдарының өзара тығыз әріптестігінде еке­нін атап өтті.