Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

ШҚО-да «Жол қозғалысын ұйымдастыру» бағдарламасы жүзеге асып жатыр

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан облысының полиция Департаменті арасында меморандумға қол қойылды. Мұндай ынтымақтастықтың арқасында қазіргі заманға сай, білікті де білімді мамандарды даярлауға, оларды жұмыспен қамтуға бар жағдай жасалмақ.

Жиынға облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ренат Унарбеков, кадр саясаты жөніндегі басшы, подполковник Мұхтарбек Бакетаев, ШҚТУ-дың Мектеп декандары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері және Академиялық қызмет жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева қатысты.

Қазіргі таңда Өскеменде көліктер саны күн сайын артып келеді. Артқан сайын жол қозғалысын сауатты ұйымдастыру керектігі сөзсіз. Сондықтан да, жоғары оқу орнында осы сала мамандарын дайындау бағдарламалары жүзеге асырылып отыр.

Солардың бірі «Жол қозғалысын ұйымдастыру». Кездесуде бағдарлама жетекшісі Гүлнұр Қонарбаева білім бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті.

Бүгінгі таңда қай сала болмасын IT-мамандарға сұраныс өте жоғары. Сол себепті, IT-технологиялар бағытында арнайы дағдылары бар жол қозғалысын ұйымдастыру мамандарын дайындау үшін бірлескен білім беру бағдарламасын құру идеясы ұсынылды. Сонымен қатар, полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері базасында өндірістік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру сынды мәселелер ортаға салынды.

Шығыс Қазақстан обылсы