Қазақстан • 11 Ақпан, 2021

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттарымен кездесу өтті

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 10 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі өтті.
Кездесу жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ПӘ ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС, «Отандастар қоры» ҰАҚ басшылары қатысты.

Кездесуде Министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылығы депутаттарды 2020 жылы жүргізілген жұмыстармен таныстырып, 2021 жылға арналған жоспарларын көрсетті.
Кездесу барысында вице-министр М.Әзілханов депутаттарға этносаралық саладағы жұмыс барысын түсіндірді, этносаралық қатынастарды қозғайтын депутаттық сауалдарды қалыптастыру кезінде бірлескен тетіктерді әзірлеу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін ескере отырып, заң жобаларын қарау бойынша ұсыныс жасады. Сонымен қатар, депутаттарға талдау және әлеуметтік жұмыс нәтижелерін тұрақты негізде ұсыну, ҚХА іс-шараларына, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, сондай-ақ ел өңірлеріне бірлескен сапарлар мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар берді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елдегі этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту және сақтау мақсатында Министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесудің барлық қатысушылары тоқсан сайынғы негізде бірлескен жұмыс кездесулерін өткізуге дайын екендіктерін білдірді.