Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан шықты

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан шықты

11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы. Кеше «қызыл» аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгін «сары» аймаққа шықты.

«Сары» аймақта сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.