2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.
1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматы болды.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 639 жолаушы, анықтамамен - 603, анықтамасыз - 36;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 324; анықтамасыз - 236;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 80 жолаушы анықтамамен;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 25 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
2021 жылдың 9 ақпанында анықтамасыз келген 224 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.