– Дереу көмекке облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты. Құрамында кинолог та бар. Тағы бес адамнан құралған топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты. Оған қоса Риддердің құтқарушылары мен 4 волонтер жұмылдырылды, - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Алайда, тікұшақ күннің бұлтты болуы мен ақ түтек боранға байланысты қонуға мәжбүр болған. Осы уақыт ішінде саяхатшылар байланысқа шыққан. Өкінішке орай, олар қар көшкіні басып қалған жігіттің денесін тауып алғанын хабарлаған.
Саяхатшылар берген координатқа құтқарушылар мен волонтерлар қалың қарда қия беткеймен әзер жеткен. Қарда жүретін техника болмағанда, тіпті әуреге түсер еді. Оның үстіне қараңғы да түсіп кеткен.
Ал 1979 жылы туған азаматтың денесін тау басынан түсіру құтқарушы топ ертесінде қайта шықты. Олардың құрамында 8 волонтер, екі құтқарушы, бір криминалдық полицей бар еді. Жол көрсету үшін бе, үш саяхатшы да шаңғы тепкен қырды бетке алды.
Осы уақытқа дейін ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған.