Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Қарағандыда өндірілген вакцина қашан қолжетімді болатыны айтылды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында өндірілетін «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасы шамамен қай уақытта шығатындығын жария етті.

«Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында өндірілетін «Спутник V» вакцинасы шамамен осы жылдың ақпан айының соңында қолжетімді болады. Алғашқы жеткізілімнің болжамды көлемі 90 мың дозаны құрайды. Содан кейін осы жылдың шілде айына дейін 2 млн доза өндіріледі. Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында шығарылатын «Спутник V» вакцинасының коммерциялық топтамасын шығару 2021 жылдың 25 ақпанында 90 мың доза мөлшерінде болады деп күтіледі», делінген аталған министрліктің таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Қазақстанда шығарылатын «Спутник V» вакцинасына қатысты сауал қойылып, ол жауабын жазбаша беруге уәде еткен еді.